Болат Назарбаев сотта жеңді

Осы шешім арқылы сот Болат Назарбаевтан зардап шегіп, құқығы мен мүлкін қорғағысы келгендердің барлығының ауызын жабуда


10/10/2022
15:33 27379 0

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев әйнек зауытына қатысты сотты жеңді. Алматы қаласы Әуезов ауданының соты Назарбаевтың ар-ұжданын қорғауға байланысты шағымын қанағаттандырды. 

 

«Алматы Әйнек» ЖШС негізін қалаушы Азим Абдуллаев «Болат Назарбаевты зауытты рейдерлікпен тартып алды» деп айыптап, экономикалық сотқа шағымданған. Болат Назарбаев ар-ұжданын қорғап Әуезов аудандық сотына шағымданған. 

 

Сотта Болат Назарбевтың өкілі «You Tube» желісі мен БАҚ-та Азим Абдуллаев шындыққа жанаспайтын, ар-ұжданға нұқсан келтіріп, тіл тигізетін ақпарат таратты деп айыптап, моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге өтемақы талап еткен. Сот талапты жартылай қанағаттандырып, Азим Абдуллаевқа 500 мың теңге өтемақы кесті. 

 

Азим Абдуллаевтың адвокаты Сәуле Кобжанова Facebook парақшасында сот осындай шешім шығару арқылы Болат Назарбаевтан зардап шеккен адамдардың «ауызын жабуда» деп жазды. 

 

– Осы шешім арқылы сот Болат Назарбаевтан зардап шегіп, құқығы мен мүлкін қорғағысы келгендердің барлығының ауызын жабуда. Болат Назарбаев жөнінде бір ауыз жаман сөз айтуға болмайды, – делінген жазбада. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/10/2022 15:33
27379 0

Уведомление